Әлем

Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады

© © Sputnik /Табылды КадырбековКөшпенділер ойындарындағы қыздар, архив
Көшпенділер ойындарындағы қыздар, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттен жасырып неке қиған имамдар жауапкершіліктен жалтара алмайды

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Өзбекстан билігі көп әйел алушылықпен күресуді бастады, деп жазады islam.kz 

Естеріңізге сала кетсек, өзбек елінде көп әйел алуға мемлекеттік деңгейге тыйым салынған. Тоқал алған ер адам жауапкершілікке тартылып, жазаланады: үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұдан былай әйел үстіне әйел алғандардың некесін қиған имамдар да жауапкершіліктен жалтара алмайды.

"Қазіргі уақытта жұптасқандардың некесін мемлекеттен жасырып қиған діни қайраткерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр",- деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев. 


Жаңалықтар
0