АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Допингпен ұсталған Сауль Альварес бокстан шеттетіліп, шаршы алаңға шыға алмаса да, Геннадий Головкин 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы промоутер Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Невада штатының комиссиясы "Канелоны" 10 сәуірге дейін бокстан шеттетті. Ол спорттан екі жылға дейін аластатылуы мүмкін.
"Комиссия қандай шешім шығарса да, Геннадий бәрібір 5 мамырда жекпе-жек өткізеді. GGG бесінші мамырға дайындалып жатыр. Біз Билли Джо Сондерспен немесе бақса боксшымен де жекпе-жекті қарастырар едік. Дегенмен, қарсыласымыз "Канело" болады деген үміттемін. Егер ол бокстан шеттетілсе, біз басқа жолдарын қарап, HBO мен MGM (T-Mobile Arena иелері – агенттік ескертпесі) адамдарымен талқылаймыз", — деді Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында.