Спорт

Альвареспен жекпе-жек болмаса, Головкин кіммен және қашан жұдырықтасады?

© REUTERS / Henry Browne LivepicГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канело" арасындағы реванш жекпе-жек 5 мамырға жоспарланған

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Допингпен ұсталған Сауль Альварес бокстан шеттетіліп, шаршы алаңға шыға алмаса да, Геннадий Головкин 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы промоутер Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz. 

Сауль Канело Альварес мен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – Альварес реваншын жарты жылға кейінге қалдыру ұсынылды

Невада штатының комиссиясы "Канелоны" 10 сәуірге дейін бокстан шеттетті. Ол спорттан екі жылға дейін аластатылуы мүмкін. 

"Комиссия қандай шешім шығарса да, Геннадий бәрібір 5 мамырда жекпе-жек өткізеді. GGG бесінші мамырға дайындалып жатыр. Біз Билли Джо Сондерспен немесе бақса боксшымен де жекпе-жекті қарастырар едік. Дегенмен, қарсыласымыз "Канело" болады деген үміттемін. Егер ол бокстан шеттетілсе, біз басқа жолдарын қарап, HBO мен MGM (T-Mobile Arena  иелері – агенттік ескертпесі) адамдарымен талқылаймыз", — деді Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында. 


Жаңалықтар
0