Спорт

Головкин – Альварес реваншын жарты жылға кейінге қалдыру ұсынылды

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес мен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес мен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналист мексикалық боксшы допингтен тазаруы үшін уақыт керек деп есептейді

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik.  Boxingnews24.com журналисі Крис Уильямс мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг-сынамасына қатысты проблема түбегейлі шешімін табуы тиіс екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.  

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Аңыз боксшы Головкин "Канеломен" жүз пайызға бокстаспағанын айтты
"Тіпті, Невада штатының атлетика комиссиясы „Канелоны“ кінәсіз етіп шығарған күннің өзінде, оған кленбутерол көмектеспейтініне көз жеткізу үшін реваншты жаздың соңына дейін қалдыру керек. Ең бастысы, Головкин жекпе-жек тең жағдайда өтетінін білуі тиіс.  Сонымен қатар, „Канело“ осы сәттен бастап реванш өтетін жаздың соңына немесе қыркүйекке дейін допинг-тестерден өтіп отыруы керек", — деп жазды автор. 

Оның пікірінше, дәл қазір Альварес Головкинге қарағанда едәуір артықшылыққа ие болуы мүмкін. Сондықтан препараттың күші толығымен жойылғанына көз жеткізу үшін жекпе-жекті төрт-алты айға кейінге қалдыру қажет.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелоның" допингпен ұсталуына қатысты пікір білдірді
"Головкин „Канелоны“ кездесуге дейін тексеріп отыруды талап етуі тиіс, сонда ол допинг-алаяқпен жұдырықтаспайтынына сенімді болады. Мұндай идея жекпе-жекке тең жағдай жасаудан туындап отыр", — деп түйіндеді Крис Уильямс.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин — Альварес реваншы 5 мамырға белгіленді, ол Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0