Өңірлер

Астана мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын
Sputnik

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Астана мен Ақмола облысында, синоптиктердің болжауынша, көктайғақ, боран және бұрқасын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Сырдария өзені аңғарынан асып, тас жолды су алып кетті

"23-24 наурызда Ақмола облысында көктайғақ, боран болады. Оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Астана қаласында: 23 науырзда күндіз, 24 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ", — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сқаталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, төменнен соққан боран.

Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан кетуге тыйым салды

Республиканың оңтүстігінде күн күркірейді. Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с, төменнен соққан боран.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күн күркірейді, желдің екпіні 17-22 м/с. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде — көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күн күркірейді, желдің екпіні 15-23 м/с. 

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, желдің екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 25 м/с. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.