АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Рязань облысында Ресей полициясы және миграциялық қызметімен бірлескен операция жүргізілгенін мәлімдеді. Наурыз айында Рязаньда тігін фабрикасы қожайыны 13 Қырғызстан азаматының төлқұжатын алып қойып, құлдықта ұстап отыр деген ақпарат алған, деп хабарлады centralasian.org.
ІІМ хабарлағандай, "Февраль" деп аталатын тігін компаниясына Ресей және Вьетнам азаматы басшылық еткен. Онда әр елден келген жүзге жуық адам жұмыс істеген. Солардың ішінде 13-і Қырғызстан азаматы болған. Оларды Бішкектегі "Берекет" базары жанында делдал арқылы тапқан. Делдал да қырғыз азаматы болған.
Түскі үзіліске тек 40 минөт берген. Сол уақытта олар өздері тамақ дайындап үлгеруі тиіс болған. Егер үлгермесе, 5 мың рубль айыппұл салған. Еңбек ақыларын да уақытында төлемеген.
Жұмысшылардың айтуынша, көбі жұмыстан кетпек болған, бірақ оларды цехта күштеп ұстап отырған. Қырғызстан азаматының бірі шыдамай, көктамырын кескен. Әріптестері жедел-жәрдем шақыруды талап еткен. Бірақ цех қожайыны дәрігер шақырудың өзі ақылы деп талап қойған.
Ресейде "Февраль" жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды.