АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері батыста қар аралас жаңбыр жауады.
17-19 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райына антициклонның тау сілемдері әсер етеді. Дүйсенбіде Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады. Ал батыс өңірлерінде, керісінше, демалыс күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ал дүйсенбі күні жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
"17 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады", — делінген хабарламада.