Қоғам

Синоптиктер Наурыз мейрамында Астанада ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мереке күндері ауа температурасы төмендегенмен, бұл суық ұзаққа созылмайды

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамы кезінде елордада күн ашылып, ауа температурасы —5…-10 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Су басу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның тоғыз облысында дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, 18 мен 20 наурыз аралығында елордада ауа райы жауын-шашынды, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, температура —5-тен 0 градусқа дейін көтеріледі. 

"Наурыз мейрамында антициклон әсерінен күн ашылып, сынап бағанасы түнде —5-10 градусқа, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді", — делінген хабарламада. 

Бірақ, синоптиктер бұл суықтың көпке созылмайтынын мәлімдеді. Кезекті циклон әсерінен ауа температурасы жылымыққа дейін жоғарылайды, күн райы құбылмалы болады. Алайда айдың соңында суық ауа массаларының келуімен күн қайта суытады.

Жаңалықтар
0