Қоғам

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБәйшешек
Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 17-19 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері батыста қар аралас жаңбыр жауады. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Наурыз мейрамында Астанада ауа райы қандай болатынын айтты
17-19 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райына антициклонның тау сілемдері әсер етеді. Дүйсенбіде Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады,  оңтүстікте жаңбыр жауады. Ал батыс өңірлерінде, керісінше, демалыс күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ал дүйсенбі күні жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.  

"17 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0