Қоғам

Бас прокурор сарыағаштық баланың ісін тергеуді тапсырды

Кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылады
Sputnik

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Бас прокурор  арнайы прокурорға Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты істі  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Аружан Сайын жеті жасар баланың анасымен кездескенін айтты
"Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шара қабылданып жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

Процестің барлық қатысушысының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылады. 

Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында болады. 

"Істің фигуранты жас бала болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпия ұстауға қатысты құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз", — деп толықтырды ведомство. 

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: сараптама толық әрі кешенді болуы керек
Біреудің жеке өмірі туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткендер Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделері ескеріле отырып, қоғам назарына тиісті көлемде ұсынылады.