АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Бас прокурор арнайы прокурорға Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Процестің барлық қатысушысының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылады.
Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында болады.
"Істің фигуранты жас бала болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпия ұстауға қатысты құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз", — деп толықтырды ведомство.
Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделері ескеріле отырып, қоғам назарына тиісті көлемде ұсынылады.