АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қарағанды облысында автобус жыраға түсіп кетіп, отызға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға жетінші наурыз күні сағат 00:49-да Ақсу-Аюлы – Ақтоғай автожолында болған.
Құтқарушылар мен полицейлер жыраға түсіп кеткен Алматы – Жезқазған бағдарындағы жолаушылар автобусынан 27 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олар Ақсу-Аюлы ауылындағы спорт мектебіне жайғастырылды. Жолаушыларға дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.
Құтқарушылар ауа райы бұзылған кезде мүмкіндігінше алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.