Өңірлер

Полиция жыраға түсіп кеткен автобус жолаушыларын құтқарды

© SputnikАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан полициясы қала арасныдағы жолдарда патрульдік қызметті күшейтті

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда полицейлер жыраға түсіп кеткен автобустың жолаушыларын жылыту бекетіне жеткізді, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

"Бүгін түнде Петропавлдан Рудный қаласына бет алған автобустың жолаушыларына полиция көмегі қажет болды. Жамбыл ауданында Сеңжар ауылына жақын жерде автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жыраға түсіп кеткен. Оқиға орнына жеткен полиция капитаны Әміржан Таққожин мен аға сержант Сергей Полуянов жолаушыларға жәрдем берді", — деп мәлімет берді Сағындықова.

Автобуста 30-дан астам адам болыпты. Олардың біразы облыс орталығына қайтса, қалғаны Клабдинка ауылына жылыту бекетіне жеткізіліпті.

Жаңалықтар
0