Оқиға

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

© SputnikАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар мен полицейлер автобусты екі сағат бойы қардан шығарған

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Полицейлер Қарағандыдан Омбыға баруы тиіс автобустың жолда тоңып тұрған жолаушыларын құтқарды, деп хабарлайды Қарағанды облысы жергілікті полиция қызметі.

Оқиға
Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті

29 желтоқсанда түнде полицияға түскен хабар бойынша, Қазақстан ауылы маңында Қарағанды – Омбы бағдарлы автобусы жыраға түсіп кеткен.

"Оқиға орнына келіп жеткенімізде, автобус қарға батып қалыпты. Сол жерде ДЭУ-45 арнайы көлігін тоқтатып, тоңған жолаушылар жылынып алсын деп көлігімізге отырғыздық та, өзіміз көлікті қардан шығарып алуға көмектестік", — деді полиция сержанты Ерік Жансерікұлы.

Автобусты шығаруға екі сағат кеткенімен, жүруге жарамсыз болды. Сол себепті полицейлер жолай көліктерді тоқтатып, жолаушыларады Майөзек ауылына жеткізді. Сынған автобусты да сонда сүйреп апарған. Көлік жөнделген соң, жолаушылар қайта жолға шықты.

Жаңалықтар
0