Өңірлер

Қарағанды облысында автобус жыраға түсіп кетті

© SputnikҚар басқан тасжолда келе жатқан автобустың архивтегі фотосы
Қар басқан тасжолда келе жатқан автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Жезқазғанға келе жатқан автобуста 30-ға тарта адам болған

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қарағанды облысында автобус жыраға түсіп кетіп, отызға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.  

Автобус - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция жыраға түсіп кеткен автобус жолаушыларын құтқарды
Оқиға жетінші наурыз күні сағат 00:49-да Ақсу-Аюлы – Ақтоғай автожолында болған. 

Құтқарушылар мен полицейлер жыраға түсіп кеткен Алматы – Жезқазған бағдарындағы жолаушылар автобусынан 27 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олар  Ақсу-Аюлы ауылындағы спорт мектебіне жайғастырылды. Жолаушыларға дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ. 

Құтқарушылар ауа райы бұзылған кезде мүмкіндігінше алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.    


Жаңалықтар
0