Қоғам

Полиция қызметкерлері көшеде жүрегі ұстап қалған адамды құтқарды

Астана әуежайы маңындағы аялдамада ер адамның жүрегі ұстап, өлім аузынан қалған
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Астана полициясы аялдамада жүрегі ұстап қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаменті.

Петропавлда өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды полиция құтқарды

Жол-патрульдік полицияның екі қызметкері лейтенант Абзал Молдашев пен кіші лейтенант Роман Байділдин сағат 22.00 кезінде халықаралық әуежай маңында патрульде жүріп, құлап қалған ер адамды байқайды. Полиция қызметкерлері қасына барса, ер адам есін жоғалтқан екен. Полицейлер тез арада жедел жәрдем шақырған, кейін туыстарына хабарласып, науқасты қай ауруханаға алып кеткенін жеткізіпті.

Оқиға қаңтар айының соңында болса да, қазір ғана көпшілікке хабарланды. Ауруханадан емделіп шыққан Серікбай Бокушев Астана ІІД жол-патрульдік полкіне келіп, полицейлерге алғысын айтқан екен.