Қоғам

Полиция қызметкерлері көшеде жүрегі ұстап қалған адамды құтқарды

© Photo : ДВД АстаныСерікбай Бокушев полицейлерге алғысын білдіруде
Серікбай Бокушев полицейлерге алғысын білдіруде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әуежайы маңындағы аялдамада ер адамның жүрегі ұстап, өлім аузынан қалған

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Астана полициясы аялдамада жүрегі ұстап қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаменті.

Шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды полиция құтқарды

Жол-патрульдік полицияның екі қызметкері лейтенант Абзал Молдашев пен кіші лейтенант Роман Байділдин сағат 22.00 кезінде халықаралық әуежай маңында патрульде жүріп, құлап қалған ер адамды байқайды. Полиция қызметкерлері қасына барса, ер адам есін жоғалтқан екен. Полицейлер тез арада жедел жәрдем шақырған, кейін туыстарына хабарласып, науқасты қай ауруханаға алып кеткенін жеткізіпті.

Оқиға қаңтар айының соңында болса да, қазір ғана көпшілікке хабарланды. Ауруханадан емделіп шыққан Серікбай Бокушев Астана ІІД жол-патрульдік полкіне келіп, полицейлерге алғысын айтқан екен.


Жаңалықтар
0