Спорт

Үмітіміз үзілмесін: 24 ақпанда Олимпиадада Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада жүлдесі үшін Қазақстан атынан шаңғышы Алексей Полторанин сайысқа түседі
Sputnik

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиданың аяқталуына аз қалды. Бүгін қазақстандық спортшылардың ел қоржынына кем дегенде бір медаль салуына мүмкіндік бар.

Қазақ қызы Беларусь құрамасына Олимпиада алтынын сыйлады

24 ақпанда сағат 11.00-де елу шақырымдық, классикалық стильдегі масс-стартта шаңғышы Алексей Полторанин бағын сынайды.

Конькиші Федор Мезенцев сағат 17.00-де жарысқа қатыспақ.

Бұдан бұрын фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасына қола жүлде әкелген болатын. Соның арқасында отандық команда жалпы есепте 27-ші орында тұр. Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 9 ақпанда басталған. Жабылу салтанаты 25 ақпанда өтеді.