АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиданың аяқталуына аз қалды. Бүгін қазақстандық спортшылардың ел қоржынына кем дегенде бір медаль салуына мүмкіндік бар.
24 ақпанда сағат 11.00-де елу шақырымдық, классикалық стильдегі масс-стартта шаңғышы Алексей Полторанин бағын сынайды.
Конькиші Федор Мезенцев сағат 17.00-де жарысқа қатыспақ.
Бұдан бұрын фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасына қола жүлде әкелген болатын. Соның арқасында отандық команда жалпы есепте 27-ші орында тұр. Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 9 ақпанда басталған. Жабылу салтанаты 25 ақпанда өтеді.