АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Олимпиадада Беларусь құрамасы атынан сынға түскен Қазақстан тумасы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленді.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында әйелдер арасындағы биатлоннан соңғы жарыстар өтті. Аталған сайыста беларусь спортшылары қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, алтыннан алқа тақты.
22 жастағы Әлімбекова Қарағанды облысындағы Абай қаласында туған. Үш жасында ата-анасымен бірге Беларуське қоныс аударды. Қазақ қызы Беларусь Республикасының спорт шебері, юниорлар арасындағы әлем чемпионы.