АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Петропавлда бұдан былай жер телiмдерi ашық аукциондар арқылы сатылады. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жер қатынастары басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында осылай деп мәлiмдедi. Бұрын жер сату саудасы облыс орталығында өткiзiлмейтiн едi. Соның кесiрiнен қазiр қалада бос жер учаскелерiнiң тапшылығы байқалады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жер телiмдерiн сату кезiнде барлық жағдайды ескерген жөн. Әсiресе, демалыс орындарында жердi сатуға тыйым салынды.
"Адамдар демалатын орындарда жердi мүлдем сатуға болмайды. Бiзде саябақта жердi үй тұрғызуға сатып жiберген. Дәл жаяу жүргiншiлер өтетiн жерге баспана тұрғызу еш қисынға келмейдi", — дедi Құмар Ақсақалов.
Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың басты мақсаты — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi күтiп баптамайтын шаруашылықтардан қайтарып алу процесiн бастау.
Атап өткен жөн, былтыр облыста 188 мың гектар жер мемлекеттiң меншiгiне қайтарылған.