Саясат

Мәжіліс жер туралы заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжіліс
Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы сенатқа жолданды

АСТАНА, 21 ақпан  — Sputnik. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жөнелтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Адамдар - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жалғызбасты қоныс аударушылар мемлекеттік қолдауға ие болады

Айта кетейік, бұл құжат Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесінде әзірленген болатын. Комиссияның барлық ұсынысы заң жобасына еніп отыр. 

"Мәселен, заң жобасында жарғылық капиталында шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылық жерлерін жалға беруге мораторийдің қолданылуы кеңейтіледі. Енді жарғылық капиталға шетелдік қатысудың кез келген пайызы жер учаскесіне тиісті құқықтарды алмауға себеп болады. Осылайша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін шетелдік жер пайдаланушыларға жалға берілмейді. Барлық жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне де берілмейтін болады. Ал республика азаматтарына және шетелдіктер қатыспайтын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер уақытша жерді пайдалану құқығымен ғана беріледі", — деп баяндады отырыста аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Берік Оспанов. 

Бұдан бөлек, депутаттың айтуынша, отандық жер пайдаланушыларға жерді жалға беру институтын жетілдіру көзделіп отыр.

Жер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құспан: азаматтарға 10 сотық жер беруге қарсымын

"Ол үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурстық негізде жалға беру тәртібін егжей-тегжей реттейтін нормалар енгізіліп отыр. Конкурстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін жер комиссияларының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен бөлек қоғам өкілдері де кіретін болады. Сондай-ақ, заң жобасының ережелеріне тұрақты мониторинг енгізу арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуын бақылауды күшейту көзделген. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді әрі ұтымды пайдалануға, пайдаланылмай жатқан жерлерді уақтылы анықтауға және оларды шаруашылық айналымға тартуға, сондай-ақ, қоғамдық бақылауды арттыруға мүмкіндік береді", — деді депутат. 

Сонымен қатар, қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің шекті мөлшері белгіленбек. Шекара маңындағы жерлерді беру талаптары да айқындалған.

Жаңалықтар
0