АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Петропавлда ғимараттың төбесіне шығып, өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Думан Таев райынан қайтарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Петропавл қаласының 1981 жылы туған тұрғыны Букетов көшесіндегі 38-ші үйдің төбесіне шығып, секірмек болған. Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. СҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Думан Таев арнайы техниканы пайдаланып, шатырға шығып, қала тұрғынын райынан қайтарды", — деп мәлімет берді СҚО ІІД баспасөз қызметі.
Ер адам не үшін өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан жоқ. Үшінші қалалық ауруханада дәрігерлер тұрғынды қараған, бірақ ол сот-медициналық сараптама жасатып, медициналық анықтама алудан бас тартты.