АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.
"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ алдымен екінші кездесудің қалай өтетінін көруіміз керек. Головкинмен бірінші жекпе-жектен соң реванш туралы көп әңгіме болды. Көрермендерге алдағы жекпе-жек ұнайды деп үміттенемін", — деді Альварес.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырға жоспарланған. Былтыр 16 қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Алайда көптеген бокс сарапшылары мен көрермендер бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде.