Спорт

Сондерс: Құдайым, өтінемін, Головкин Альваресті жеңсе екен

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық боксшы реваншта Головкиннің жеңіске жетуіне мүдделі екенін мәлімдеді

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің айтуынша, ол 5 мамырда Геннадий Головкиннің Сауль Альваресті жеңгенін қалайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Ол Мэйвезердің өзін "тонамақ" болды". Сондерс Головкинді сақтандырды
"Маған не керек екенін білемін. Головкин не Канеломен, жеңімпазбен жекпе-жек өткізуді қалаймын. Құдайым, өтінемін, Головкин жеңсе екен – себебі ол соңғысында жеңіске жетті, мен барлық белбеуді өзіме аламын! Әр белбеу жыл соңына дейін менде болады!", — деді Сондерс.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырда өтеді. Ал Сондерс 14 сәуірде Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.


Жаңалықтар
0