Спорт

Альварес: Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз мүмкін

© REUTERS / Henry Browne LivepicСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырға жоспарланған

АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

Сауль Канело Альварес (сол жақта) пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс: Құдайым, өтінемін, Головкин Альваресті жеңсе екен
"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ алдымен екінші кездесудің қалай өтетінін көруіміз керек. Головкинмен бірінші жекпе-жектен соң реванш туралы көп әңгіме болды. Көрермендерге алдағы жекпе-жек ұнайды деп үміттенемін", — деді Альварес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырға жоспарланған. Былтыр 16 қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Алайда көптеген бокс сарапшылары мен көрермендер бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде.


Жаңалықтар
0