АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 40 жастағы америкалық өзінің 20 жастағы қызына үйленіп, одан бала сүйді, деп хабарлады New York Post.
Тағы бір америкалық портал WNCN.com-ның мәліметінше, Кэти Роуз Пладл 1998 жылдың қаңтарында Стивен Пладлдың отбасында дүниеге келіп, бірден балалар үйіне тапсырылған.
Стивеннің әйелі үлкен қызының жүкті екенін біліп, бұрынғы күйеуімен сөйлеседі. Ол Кэтидің баласы өзінен екенін мойындаған. Әйел полицияға әкесі мен қызы азғындық жасағанын айтып, шағымданған.
Дегенмен Стивен мен Кэти басқа штатқа қашып кетіп, сонда үйленеді. Қыркүйекте олар ұлды болған.
Полиция өткен жылдың қарашасында Стивен және Кэти Пладлдарды тұтқындауға ордер берген, алайда олар енді ғана ұсталып отыр.
Стивен миллион доллар кепілмен бостандыққа шыққан, Кэти қазір түрмеде.