Оқиға

Қызылордада оқушы қыздар мұғалімін азғындық жасады деп айыптап отыр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Математика пәні мұғалімін айыптау бойынша іс сотта қаралып жатыр

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі орта мектепте математика пәнінің мұғалімін азғындық жасады деп айыптап отыр, деп жеткізеді "Астана" телеарнасы. 

Сәуір айының басында, оқушы қыздар математик Акпар Исахаев сабақ кезінде олардың "қол тигізуге" болмайтын жерлерін ұстады деп мәлімдеген. Шілдеде іс сотқа жолданды. Мұғалімнің әріптестері мен ата-аналар оның сөзін сөйлеп отыр. 

Кейіннен балалардың бар болғаны қалжыңдағысы келгені анықталды. 

"Айтамыз да қоя саламыз, сосын Акпар ағай мектептен шығып кететін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтіп бәрі осылай шатасып кетті да. Сосын мен анама келіп, барлық шындықты айттым. Ұстаған жоқ, ештеңе істеген жоқ. Әрине, өкінемін, ағайдың шыққанын қалаймын, ағайдан кешірім сұраймын", — дейді оқушы Дина Нағызбаева.

Динаның анасы арызын алып кетті. Ал құрбысы өз дегенінде тұр. 

35 жыл еңбек өтілі бар Әкпар Исахаевтің әріптестері болса мектептегі сыйлы азамат ондай ұятты істерге бармайтынына сенімді. 

"Сабақ барысында ондай оқыс әрекетке барады дегенге, өз басым ешқандай сенбеймін. Әділдік болса дейміз. Мынандай болғандықтан, жаңа оқу жылына, шынымды айтсам, әйел, менің өзім қорқа соғып отырмын", — дейді № 189 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ұлмекен Юсупова.  

Сотталушының адвокатының айтуынша, ол әзірге істің мән-жайын айта алмайды екен, өйткені сот жабық тәртіпте өтіп жатын. 

"Іс қазіргі таңда сотта қаралып жатыр, соңдықтан бөлшектеп айтып бере алмаймын. Десе де айтайын дегенім, бүгінгі күні мұғалімдер әлеуметтік тұрғыдан да, заңды түрде де қорғаусыз болып тұр. Менің қорғалушым сабақ үстінде, балалардың көзінше азғындық әрекеттер жасады деп айыпталып отыр", — деді адвокат Жасұлан Таңатаров.


Жаңалықтар
0