Әлем

АҚШ-та 40 жастағы ер адам туған қызына үйленіп, одан бала сүйген

CC0 / Free-Photos / Отбасы
Отбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық Стивен Пладл мен оның 20 жастағы қызы Кэти азғындық әрекет жасағаны үшін тұтқындалды

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 40 жастағы америкалық өзінің 20 жастағы қызына үйленіп, одан бала сүйді, деп хабарлады New York Post.

Тағы бір америкалық портал WNCN.com-ның мәліметінше, Кэти Роуз Пладл 1998 жылдың қаңтарында Стивен Пладлдың отбасында дүниеге келіп, бірден балалар үйіне тапсырылған.  

Оқушы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылордада оқушы қыздар мұғалімін азғындық жасады деп айыптап отыр
Кэти 18 жасқа келгенде әлеуметтік желілер арқылы әкесін іздеп табады. 2016 жылы олар кездесіп, кейіннен қыз өзінің анасы мен әкесі және туған екі сіңлісі тұратын үйге көшіп келген. Дегенмен бір жылдан кейін ерлі-зайыпты ажырасып, Стивен балалардан Кейтиді өгей анасы ретінде қабылдауды талап еткен.  

Стивеннің әйелі үлкен қызының жүкті екенін біліп, бұрынғы күйеуімен сөйлеседі. Ол Кэтидің баласы өзінен екенін мойындаған. Әйел полицияға әкесі мен қызы азғындық жасағанын айтып, шағымданған.     

Дегенмен Стивен мен Кэти басқа штатқа қашып кетіп, сонда үйленеді. Қыркүйекте олар ұлды болған.  

Полиция өткен жылдың қарашасында Стивен және Кэти Пладлдарды тұтқындауға ордер берген, алайда олар енді ғана ұсталып отыр.   

Стивен миллион доллар кепілмен бостандыққа шыққан, Кэти қазір түрмеде.  


Жаңалықтар
0