Оқиға

Оралда қатаң режимдегі колонияда сотталушы өзіне қол салды

Колонияның абақтысында сотталушы өзін-өзі өлтіргеннен кейін қылмыстық іс қозғалды
Sputnik

АСТАНА, 5 ақпан— Sputnik. Оралда РУ-170/3 қатаң режимдегі колониясында сотталушы өзіне қол жұмсады, деп жазды "Мой город" порталы. 

ІІМ түрмеде соққыға жығылған аяғы ауыр әйелге қатысты шындықты айтты
10 қаңтар күні болған қайғылы оқиға енді ғана белгілі болып отыр. 34 жастағы сотталушының денесін түрме қызметкерлері тауып алған.  

Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі — "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   

Оқиғаның себебі және қалай болғаны туралы мәлімет жоқ.