АСТАНА, 5 ақпан— Sputnik. Оралда РУ-170/3 қатаң режимдегі колониясында сотталушы өзіне қол жұмсады, деп жазды "Мой город" порталы.
10 қаңтар күні болған қайғылы оқиға енді ғана белгілі болып отыр. 34 жастағы сотталушының денесін түрме қызметкерлері тауып алған.
Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі — "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның себебі және қалай болғаны туралы мәлімет жоқ.