Қоғам

ІІМ түрмеде соққыға жығылған аяғы ауыр әйелге қатысты шындықты айтты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, қамауға алынғандардың денесінен ұрып-соғу белгілері табылмаған, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаев Алматы тергеу изоляторында аяғы ауыр әйелдің соққыға жығылғанына қатысты ақпарат туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне мәлімет берді.

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасары жазаланды

Бүгін құқық қорғаушы Елена Семенова тергеу изоляторындағы әйелдердің үш күннен бері аштық жариялағаны туралы хабарлады. Араларында аяғы ауыр бір әйел бар екен. Аштық жариялауға изолятор қызметкерлерінің әйелдерді қорлап, зорлық-зомбылық көрсетуі себеп болыпты.

"Әйелдердің бірі 8 қаңтарда бірнеше мәрте тәртіп бұзғаны үшін дисциплиналық изоляторға қамалған. Камерада бірге отырған үш әйел, олардың бірі жүкті, наразылық танытып, өздеріне болмашы жарақат салыпты. Аштық жариялап, тамырын кескендер болған жоқ", — деп мәлімет берді Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, әйелдерді тексеру барысында денесінен ұрып-соғу белгілері табылмапты. Дегенмен ІІМ бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0