АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Павлодар ауданы әкімінің орынбасары моншада танысын соққыға жыққаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлады Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот ведомствосының мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары, 34 жастағы Нұрлан Садыбеков дене жарақатын салғаны үшін он бес АЕК көлемінде айыпұл төлеуге міндеттеледі.
2016 жылы 14 желтоқсанда Мичурино ауылында шенеунік пен танысы "Энергетик" демалыс үйінің саунасында Ауыл шаруашылығы жұмысшысының күнін атап өтіп жатады. Кешкі ас барысында Садыбеков танысын, балағаттап, кеудесінен итеріп жібереді де, бетінен бірнеше рет ұрады. Ана адам тезірек киініп, кетпек болған. Бірақ төбелеске қанағаттанбаған әкім орынбасары жәбірленушінің соңынан барып, ұрып-соғуын жалғастырады. Салдарынан ер адамның денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген.
Әкім орынбасары жасаған ісін теріске шығарғанымен, сот оған сенбей, жаза ретінде 34 мың 035 теңге төлеуге міндеттеді.