Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді
Sputnik

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады,  Жалаңашкөл аумағында желдің күші 24-29 м/с жетеді.

Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғып, жел 17-22 м/с күшейеді.  

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда,  Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады.