АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 24-29 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғып, жел 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады.