АСТАНА, 21 қараша— Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтық қорғаныс органдарының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтып берді.
"Көптеген метеоқызмет қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр. Біз "Казгидромет" бөлімшесінің мәліметтерін негізге аламыз. Болжамның дәлдігі — 60%. Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанда орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде нормадан төмен болады, жауын-шашын мол түседі", — деп хабарлады Ильин брифингте.
Қазгидрометтің болжауынша, көктем ерте шығып, жауын-шашын көп түседі.
Вице-министр қыс мезгілінде жағдай қиындайтын болса, төтеншеліктер шұғыл әрекет ететінін атап өтті. Барлық техника сақадай сай дайын тұр. 9-10 қараша күндері "Қыс-2017" оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайларға дайындық шаралары пысықталды.