Өңірлер

Әскерден қашқан сарбаз 10 күннен соң табылды

Әскери борышын өтеп жүрген жігіттің не себепті қашып кеткені хабарланған жоқ
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз он күннен соң Алматыда табылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті

Бұдан бұрын ведомство мәлімдегендей, қатардағы сарбаз Бозбанов 21 қаңтарда өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған.

"Алматыда 30 қаңтарда іздеу шаралары барысында Қарулы күштердің әскери полициясы әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Бозбановты тапты", — делінген хабарламада. 

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, әскери бөлімше Жамбыл облысында орналасқан, "Оңтүстік" аймақтық командованиесіне жатады.