Өңірлер

Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСарбаз
Сарбаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарбазды үш күннен бері іздеп жатыр

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Әскери бөлімшеден өз бетімен кетіп қалған сарбаз үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді

"21450 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Ж. Бозбанов 21 қаңтарда өз бетімен бөлімшеден кетіп қалған", — делінген хабарламада.

Ведомствода айтылғандай, қазір әскери бөлімшенің жеке құрамы, гвардиялық гарнизонның әскери полиция бөлімшесі жергілікті ішкі істер органдарымен бірігіп іздеу шараларын жүргізуде.

Ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сүйенсек, әскери бөлімше Жамбыл облысында орналасқан.

Жаңалықтар
0