Өңірлер

Әскерден қашқан сарбаз 10 күннен соң табылды

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтуӘскери қызметкер
Әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери борышын өтеп жүрген жігіттің не себепті қашып кеткені хабарланған жоқ

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз он күннен соң Алматыда табылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сарбаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті

Бұдан бұрын ведомство мәлімдегендей, қатардағы сарбаз Бозбанов 21 қаңтарда өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған.

"Алматыда 30 қаңтарда іздеу шаралары барысында Қарулы күштердің әскери полициясы әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Бозбановты тапты", — делінген хабарламада. 

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, әскери бөлімше Жамбыл облысында орналасқан, "Оңтүстік" аймақтық командованиесіне жатады.

Жаңалықтар
0