АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы бейітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтқандай, Қазақстан билігі ауған студенттерін оқытуға 50 миллион доллар бөлген. Оның айтуынша, соңғы жылдары 500-ден аса ауғандық Қазақстанның ЖОО-дарында білім алыпты.
"Бүкіл халықаралық қауымдастық Ауғанстанды дамытып, бейбітшілікті нығайтуға үлесін қосып келеді, бірақ Орта Азия елдері бұл ретте маңызды рөл атқарады. Ауғанстан үкіметінің зорлық-зомбылық экстремизмі, терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресі бұл ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ және бүкіл дүние жүзі үшін ерекше маңызға ие. Бұл қауіп-қатерге қарсы күресті Ауғанстан үкіметінің мойнына ғана артып қоймауымыз керек", — деп мәлімдеді Гутерриш.
БҰҰ Бас хатшысы еске салып өткендей, ол былтыр маусым айында Ауғанстан мен Қазақстанда болып қайтқан еді.