АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні отырыста Ирандағы ахуалды талқылайды, деп хабарлады РИА Новости ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бағдарламаға сәйкес, БҰҰ ҚК Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін жиналмақ. Кездесу АҚШ-тың сұрауымен өткелі отыр.
28 желтоқсаннан бері Иранның ірі қалаларында жаппай наразылық акциясы өтіп жатыр. Иран президенті Хасан Роухани мәлімдегендей, халықтың наразылығына елдегі ішкі проблемалар мен өзге елдердің іріткі салуы себеп болған.
БАҚ мәліметінше, кем дегенде 20 адам осы келеңсіздіктердің құрбаны болды. Тегеранда соңғы үш күнде 450 адам ұсталыпты.