Саясат

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда бейбітшілікті нығайтуға Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАнтониу Гутерриш
Антониу Гутерриш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Антониу Гутерриш Қазақстанның билік өкілдері ауған студенттерін оқытуға 50 миллион доллар бөлгенін айтты

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы бейітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті.

БҰҰ - Sputnik Қазақстан
Әлем
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирандағы ахуалды талқылайды

БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтқандай, Қазақстан билігі ауған студенттерін оқытуға 50 миллион доллар бөлген. Оның айтуынша, соңғы жылдары 500-ден аса ауғандық Қазақстанның ЖОО-дарында білім алыпты.

"Бүкіл халықаралық қауымдастық Ауғанстанды дамытып, бейбітшілікті нығайтуға үлесін қосып келеді, бірақ Орта Азия елдері бұл ретте маңызды рөл атқарады. Ауғанстан үкіметінің зорлық-зомбылық экстремизмі, терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресі бұл ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ және бүкіл дүние жүзі үшін ерекше маңызға ие. Бұл қауіп-қатерге қарсы күресті Ауғанстан үкіметінің мойнына ғана артып қоймауымыз керек", — деп мәлімдеді Гутерриш.

БҰҰ Бас хатшысы еске салып өткендей, ол былтыр маусым айында Ауғанстан мен Қазақстанда болып қайтқан еді.

Жаңалықтар
0