АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Астанада президент резиденциясына соғылған Porsche Cayenne көлігін мінген екі полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
"Қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні болған жол апатына байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп, аға лейтенант Е. Иманбековтың Достық көшесімен келе жатып, көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, қақпаға соғылып, біраз зақым келтіргені анықталды", — деп хабарлады ІІД.
Полиция мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.
"Жол апатына тікелей айыпты полиция аға лейтенанты Иманбеков пен оның басшысы, взвод командирі, полиция капитаны Г. Жұмахметов ҚР ішкі істер органындағы қызметтерінен босатылды", — деп атап өтті ведомство.