Оқиға

Porsche көлігімен Ақорда қақпасын бұзған полицейлер жұмыстан шығарылды

© SputnikПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік апаты кезінде рөлде жол-патрульдік полиция қызметкерлері болған - аға лейтенант пен капитан

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Астанада президент резиденциясына соғылған Porsche Cayenne көлігін мінген екі полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Желіде Ақорда қақпасына соғылған Porsche Cayenne суреті пайда болды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Желіде Ақорда қақпасына соғылған Porsche Cayenne суреті пайда болды

"Қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні болған жол апатына байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп, аға лейтенант Е. Иманбековтың Достық көшесімен келе жатып, көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, қақпаға соғылып, біраз зақым келтіргені анықталды", — деп хабарлады ІІД.

Полиция мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

"Жол апатына тікелей айыпты полиция аға лейтенанты Иманбеков пен оның басшысы, взвод командирі, полиция капитаны Г. Жұмахметов ҚР ішкі істер органындағы қызметтерінен босатылды", — деп атап өтті ведомство.

Жаңалықтар
0