АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде пайда болған суретте Porsche Cayenne Астанадағы президент резиденциясының қақпасына соғылып қалыпты.
Жазбалардың бірінде айтылғандай, оқиға 17 қаңтарда таңғы үш кезінде болған. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, Астана әкімшілік полиция басқармасы арнайы батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Е. Иманбеков мас күйінде көлік жүргізіпті.
Құқық қорғау органдары әлі ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.