Қоғам

Астана әкімдігі қалада көмір қымбаттағанын хабарлады

2018 жылдан бастап "Шұбаркөл" көмірінің құны көтерілген
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Астанада ең сұранысқа ие "Шұбаркөл" көмірінің бағасы 1000 теңгеге өсті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты

Жыл басынан бері Астана қаласына 320 мың тонна қатты отын жеткізілген.

Оңтүстік Қазақстанда көмір тасушыларға бағаны келісіп сатты деген айып тағылды
Осы жылдың 1-15 қаңтар аралығында Астанаға түрлі маркадағы 321 672 тонна көмір жеткізілген. Астана әкімдігінің ақпаратына сай, қазіргі кезде елордада көмір тапшылығы байқалмайды.

"Әкімдіктің бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғындары көмірді сатушылардан тікелей қолжетімді бағада алып жатыр", — деп хабарлады әкімдік.

Ең сұранысқа ие – "Шұбаркөл" көмірі. Өткен жылдың желтоқсан айында жеткізу құнын қоспағанда бір тоннасы 11 500 теңге болған.

"2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап бұл көмір түрінің тауар биржасындағы саудалану құнының көтерілуіне байланысты бағасы 1000 теңгеге өскен.Оған ЖЖМ-дың, теміржол вагондарының  станциядан тұйыққа жеткізу құнының өсуі себеп болды", — деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Естеріңізге сала кетейік, қала бойынша 15 көмір сату бекеті жұмыс істеп тұр, соның жетеуі ірі бекет. Сонымен қатар, қалада куммуналдық қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған көмірді қабылдайтын 20 жүк бекеті жұмыс істейді.