Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда көмір тасушыларға бағаны келісіп сатты деген айып тағылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуКөмір
Көмір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдің монополияға қарсы органдары көмір бағасын заңсыз арттыру жайтын тергеуде

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстанда көмір тасымалдаушылардың жұмысы тексерілуде, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ағаш көмірінің өндірісі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Петропавлда көмір жетпей жатыр

Оңтүстік Қазақстанға көмір жеткізушілер бағаны негізсіз өсірген болуы мүмкін. Қатты отын тасымалдайтын 13 компанияның жұмысына қатысты облыстық монополияға карсы қызмет өкілдері тексеріс бастады. Мұндай шаралар Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен  Ордабасы, Төлеби аудандарында жүргізіліп жатыр.

Биылғы қазан айында өңірде көмір құнының өскені байқалған.Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің облыстық департаменті өкілдері айтады. Бағадағы бұл өзгерісте ымыраластықтың бар-жоғын құзырлы орындар анықтайды.

Жүргізілген мониторинг пен аудан әкімдіктері берген мәліметтерге сәйкес көмір бағасы 2017 жылдың қазан айында көтерілгені анықталды. Облыста көмірдің бөлшек саудадағы бағасы 13000-20000 теңге аралығында болған. Нарық субъектілері берген мәліметтерде, қыркүйек айындағы көмірдің сату бағасы орта есеппен тоннасына 10000-13000 теңгені құрайтынын көрсеткен.

Жаңалықтар
0