АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Пермь қаласындағы мектептердің бірінде он екі адам пышақ жарақатын алды, оқиға орнында Ұлттық гвардия мен полиция жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Алдын ала мәлімет бойынша, мектептің бұрынғы және қазіргі оқушыларының арасында жанжал шыққан. Төбелескен жігіттерді мұғалімдер мен өзге де оқушылар ажыратпақ болған кезде 11 оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алды.
Полицейлердің мәліметінше, төбелес шығарғандардың бірі психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.
Қазіргі таңда төбелесті бастағандар ұсталды, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.