Әлем

Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото
Пышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төбелес шығарғандардың бірі психдиспансерде есепте тұрады

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Пермь қаласындағы мектептердің бірінде он екі адам пышақ жарақатын алды, оқиға орнында Ұлттық гвардия мен полиция жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды
Алдын ала мәлімет бойынша, мектептің бұрынғы және қазіргі оқушыларының арасында жанжал шыққан. Төбелескен жігіттерді мұғалімдер мен өзге де оқушылар ажыратпақ болған кезде 11 оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алды.  

Полицейлердің мәліметінше, төбелес шығарғандардың бірі психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.  

Қазіргі таңда төбелесті бастағандар ұсталды, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.   


Жаңалықтар
0