Оқиға

Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушының жұмбақ өліміне қатысты бірнеше болжам бар

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Таразда із-түзсіз жоғалып кеткен №6 мектептің 4-ші сынып оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Өзен жағасындағы қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жоғалған қыздың мәйіті табылды

Бұл жағдай тараздықтардың төбе шашын тік тұрғызды. Өткен сенбі күні кешке үйінен шығып кеткен 10 жастағы бала сол күйі қайта оралмаған. Туыстары мен мектеп ұжымы оны жатпай-тұрмай іздегенімен нәтиже болмаған.

Оқушының өлі денесін мына балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан тәртіп сақшылары бір күннен кейін тауып алған. Сол күні Таразда қар жауған болатын. Сондықтан баланың мәйіті талдың жапырақтары мен қарға көміліп қалыпты. Ал, қаза тапқан 4-ші сынып оқушысы мұнда өз аяғымен келді ме немесе күдікке ілініп отырған 7-ші сынып оқушысы күштеп әкелді ме ол жағы әзірге белгісіз.

Никитаның ата-анасы камераға бет-жүздерін көрсеткісі келмей, тек ақпарат берумен шектеліпті. Сөздеріне сүйенсек, өлген баланың денесінде соққының іздері бар. Әрі зорланған болуы мүмкін. Ол бір үйдің кенжесі. Ал мектеп директоры "Никита қақ-соғы жоқ, тәртібі түзу оқушы" дейді.

Осы қылмысқа 7-ші сынып оқушысының күдікті деп танылуы бекер емес. Өйткені сол қайғылы оқиға болған күні оның Никитамен бірге жүргенін көргендер бар. Сол 14 жастағы жеткіншектің жүйке жүйесінде ауытқу бар болып шықты. Сондықтан ол арнайы коррекциялық сыныпта оқыған. Қазір күдікті оқудан босатылып, үйінде жатыр. Ал тәртіп сақшылары 10 жастағы бала желімнің иісінен бақилық болған дейді.

"Тергеу жұмыстары нәтижесінде жәбірленушінің сол күні 14 жастағы жасөспіріммен бірге желім иіскегендігі анықталды. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Қазір күдікті ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", — деп хабарлады Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы.

Егер бұл жасөспірімнің қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал қайғылы оқиғадан кейін қала мектептерінде тәртіп күшейтілді. Бұдан былай ата-аналар ұл-қыздарын өздері әкеліп, өздері әкетулері тиіс.

Жаңалықтар
0